Шығыс Қазақстанда өзендердегі кептелістердің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда

Шығыс Қазақстанда өзендердегі кептелістердің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда

Екі күн ішінде Күршім ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Мұнда көктемгі кезеңде Күршім өзені кептеліске қауіп төндіреді. Өзендегі мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін. Мұндай мұздар кез-келген кедергіге ілініп, үлкен кептелісті тудыруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мұзды алдын-ала ұсақта қажет. Маралды мен Боран ауылдарында 8400 шаршы метр аумақта мұздар ұсақталды.

"Су айдындарындағы жарылыс жұмыстарының арқасында мұз қабатының көлемі азайып қана қоймай, оның құрылымы да өзгеруде. Тәжірибелі диверсанттар мұздатылған суды қопсытып, үлкен блоктарды ботқа айналдырады. Бұл процесс елді мекендерді су тасқынынан құтқарады " – Арман Тоқанов - ШҚО ТЖД бастығының м.у.а.