Шығыс Қазақстанда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтті

Шығыс Қазақстанда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап  өтті

Жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
Әлемдік күннің басты мақсаты-төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғаудың маңыздылығын ескере отырып, АҚ қызметтерінің міндеттеріне қоғамның назарын аудару.
Шығыс Қазақстан облысында бір ай бойы түрлі іс-шаралар өткізілді.
Облыстың қалалары мен аудандарында АҚ құрылымдарының қатысуымен, халық және кәсіпорын қызметкерлеріне оқыту бейнематериалдарын пайдалана отырып дәрістер ұйымдастырылды, АҚ және ТЖ тақырыбы бойынша жаңа стендтер ресімделді.
1 наурыз күні Шығыс Қазақстан ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен оқу және мектепке дейінгі мекемелерде танымды да қызықты өтті. Жалпы мектептік жаттығулар, сурет байқаулары, қуыршақ театрларының көрсетілімдері, викториналар, жарыстар мен эстафеталар, КВН, сынып сағаттары және ашық сабақтар.

Облыстық ТЖ департаментінде балаларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жауынгерлік техникасы, авариялық-құтқару құралдары көрсетілді. Балаларға ШҚО ТЖД спорт кешеніне бару ерекше ұнады, онда оқушылар өздерін спорттық снарядтармен сынап, спортшылармен тілдесті.  

Шығыс Қазақстанда азаматтық қорғаныс мерекесі белсенді, қызықты өтті және көпшіліктің есінде қалды. Өткізілген іс-шаралар облыс тұрғындарының қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылығының артқанын көрсетті.