Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу туралы

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне  республикалық тексеру жүргізу туралы

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында 2023 жылғы 1 наурызда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған.

Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы болып табылады.

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ  радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде, көлікте болсаңыз және сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, 104,0 жиілікте «Қазақ радио» радиосын (ұялы телефон арқылы алуға болады) дереу қосу керек. Сигналды үйде  естіген кезде ШҚО ТЖД әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларды, «Дармен» қосымшасындағы хабарламаларды және «112» қызметінің SMS хабарламасын қадағалау қажет.

Барлық ересектер өздері үйреніп, балаларға сиреналардың дыбысы «Баршаның назарына» сигналы екенін түсіндіруі керек. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту керек.

Кіреберіс мен тұрғылықты жері бойынша көршілерге  сигнал туралы хабарлау ұсынылады: олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Дүрбелең мен қауесеттің кез-келген көрінісін дереу тоқтатыңыз.

ШҚО ТЖД сиреналардың қосылуына түсіністікпен қарауды сұрайды және берілген ұсыныстарға сүйене отырып, міндетті түрде өзіңіз жаттығыңыз.

Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.