ШҚО жасөспірімі өрт- сөндіру құтқару спорты бойынша жаңа рекорд орнатты

ШҚО жасөспірімі өрт- сөндіру құтқару спорты бойынша  жаңа рекорд орнатты

Жанкүйерлер, әріптестер, достар және жақындары Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында чемпион болып оралған және ерлер арасында үшінші орын алған өрт-құтқару спорты бойынша спортшылар командасын қарсы алды.

Кіші топтағы жасөспірімдер арасында Ең үздік нәтиже Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан Арсений Скуратов болды, оқу мұнарасының 2-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуде 7,34 сек нәтиже көрсетті.

Екінші орынды Никита Боков иеленді. Жас жігіттердің үлкен тобында Виктор Коршак шабуыл баспалдағымен көтерілуде чемпион атанса, спортшы Эльдар Авиловта 2 орынды иеленді. 100 метрлік жолақты кедергілермен еңсеруде 3 орынды Никита Боков иеленді. Ерлер арасында Мақсат Романов жүз метрлік жолағын еңсеруде 2-орын және Максим Черносвитов қоссайыста 3-орынды қанжығаға байлады.

Астана қаласында ерлер арасында XXXI қысқы чемпионат, әйелдер арасында IX, жасөспірімдер арасында өрт сөндіру құтқару спортынан VIII чемпионат өтті.

Үш күн ішінде спортшылар ерлер, әйелдер мен жасөспірімдер арасындағы оқу мұнарасының екінші және төртінші қабатындағы терезеге шабуыл баспалдақтарымен көтеріліп, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтті.

Мұндай деңгейдегі жарыстардың өзіндік даралығы, қойылымы, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кәсібін насихаттауға, сондай-ақ кәсіби және спорттық шеберлікті арттыруға бағытталған.