ШҚО-да таулардың беткейлерін қардан тазарту үшін профилактикалық қар көшкінін түсірді

ШҚО-да таулардың беткейлерін қардан тазарту үшін профилактикалық қар көшкінін түсірді

 Шығыс Қазақстанда ауа температурасының жоғарылауына байланысты көшкін қаупі сақталады.

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары ШҚО ТЖД құтқарушыларымен бірлесіп "Өскемен –Таулы Үлбі - Северное" автожолының учаскесінде жасанды қар көшкінін түсірді..

"Қажеттілік қар массасының түсу қаупінен туындады. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін 2 профилактикалық жарылыс жүргізіліп, 31800 текше қар түсті. Мұндай шаралар осы аймақта күн сайын өтетін маршруттың және жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті" Қазселденқорғау " ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Қыс мезгілінің басынан бастап өңірде барлығы 71 жару жұмыстары жүргізіліп, 297860 текше метр қар түсті.

ШҚО ТЖД құтқарушылары және "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы ұсынады: Маршрутқа шығу кезінде ауа-райы болжамын қарастырыңыз. Тауларға қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде шығуға болмайды. Ауа-райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады. Жалғыз және қараңғы уақытта серуендеуге бармаңыз. Жақындарыңызға, құтқарушыларға маршрут пен жоспарлар туралы хабарлауды ұмытпаңыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.