
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында ШҚО ТЖД қызметкерлері «№ 29 қосымша білім беру мектебі орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығымен бірлесіп оқушылар арасында жарыс ұйымдастырды. Оқушылар бірден бірнеше кезеңнен өтуі керек еді. Уақытқа жауынгерлік киім мен жеке қорғаныс құралдарын кию, спорттық эстафетадағы түрлі кедергілерді еңсеру, оқу мұнарасының үшінші қабатының терезесіне көтерілу, «шартты жәбірленушіні» тасымалдау және оған медициналық көмек көрсету керек болды. Сонымен қатар балалар «Дартс» нысанасына дәл тигізумен да жарысты. Барлығы 12 команда қатысты.
«Жарыстарды өткізу тәжірибесі көрсеткендей, балалар төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, физикалық және психологиялық дайындық бойынша практикалық білім алады және бұл халықты қорғауға үйретудің ең тиімді элементтерінің бірі болып табылады», - дейді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлары департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Жарыс нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды «№10 ОМ» КММ Жас құтқарушылар командасы, екінші орынды «№4 мектеп» командасы иеленді, үшінші орынды «№29» және «№37» екі мектеп оқушылары тең түсіп, бөліп алды.
«Жарыс жастардың бойында құтқару ісіндегі еріктілік идеяларын қолдауға және дамытуға және болашақта Шығыс Қазақстан облысының Өрт-құтқару гарнизоны қатарын толықтыратын «Жас құтқарушылар» сыныбына қатысушылардың кәсіби дайындығын қалыптастыруға бағытталған»,-деп атап өтті №29 қосымша білім беру мектеп - орталығы директорының орынбасары Евгений Шатурный.
Барлық жеңімпаздар құтқарушылардан грамоталармен марапатталды