
Алматы көшесінде 5 қабатты тұрғын үйде бесінші қабаттағы пәтерде өрт шықты. Он бір жасар қыз мектептен үйге келген кезде бөлмедегі үстелдің астында бірдеңе жанып жатқанын байқады. Ол өртті сөндіруге тырысты, алайда шамасы келмеген соң пәтерден өз бетімен шығып кетті, есікті жабуды ұмытып көшеге жүгірді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері пәтерде жанып жатқан жиһаздарды, жеке заттарды анықтады. 30 шаршы метр аумақта өрт сөндірілді.
Құтқарушылар мен полицейлер 9 тұрғынды баспалдақ маршымен эвакуациялады. Өрт сөндірушілер 2 адамды құтқару маскаларының көмегімен түтін аймағынан жедел шығарылп, құтқарды.
Өрттің себебі анықталуда. Өрттің алдын ала себебі бойынша электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, отпен абайсызда жұмыс істеу болжамы қарастырылуда.
ШҚО ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ешқандай жағдайда электр жабдықтары мен электр аспаптары жанған кезде оларды сумен сөндіруге болмайды. Өрт шыққан бөлмеден шыққан кезде, оттегінің қол жетімділігі өрттің таралуына әсер етпеуі үшін есіктер мен терезелерді мықтап жабуды ұмытпаңыз.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
"Бірінші кезекте өрт шыққан үй-жайдан шығып, өрт сөндіру бөлімшелерін шақыру қажет. Кейінірек хабарлау және дұрыс емес әрекеттер жағдайды ушықтырып, өрттің таралуына ықпал етеді. Өрт процесі өте тез жүреді: 10-20 минут ішінде өрт жылдам таралып, бөлмені түтін басып кетеді, ал температура 250-300 градусқа дейін артады", - деп түсіндірді "ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" бастығының міндетін атқарушы Болат Нұрдыбаев