Сақина тұтқындарын босатты

Сақина тұтқындарын босатты

Өскеменде құтқарушылар бір кеште сақинаның тұтқыны болған екі адамға көмекке келді. Екі оқиғада да кәсіби көмек қажет болды, себебі әшекей саусақта мықтап киіліп, шешілмеді. Құтқарушылар ісіп кеткен саусақтарды зақымдап алмай сақинаны қиып алу үшін құралдарды пайдаланды. Сақина тұтқындарын құтқару операциясы сәтті өтті. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.