
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күні аясында ШҚО ТЖД құтқарушылары "Шығыс Қазақстан облысының зағиптарға арналған кітапханасында" халықтың мобильділігі төмен топтары үшін ТЖ кезінде жүріс-тұрыс ережелері бойынша аудио-дискіні таныстырды.
ТЖ қызметінің қызметкерлері Шығыс Қазақстанға тән түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері бойынша арнайы аудио-ұсынымдар жазды.
Сонымен қатар, кітапхана ғимаратында жер сілкінісінің алғашқы дүмпулерінде халықтың осы тобын іс жүзінде сауатты іс-қимылдарға және паналау үшін қауіпсіз орындарды анықтауды үйрету үшін сейсмикалық жаттығулар өткізді.
"Төтенше жағдайлар кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар әсіресе осал болып қалады, сондықтан оларға ерекше назар аудару қажет. Біздің міндетіміз - оларды дүрбелең салмауға және төтенше жағдайда өзін дұрыс ұстауға үйрету", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлеріне де өртке қарсы нұсқаулық өткізілді. Эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы мен орналастырылуына, өртке қарсы шкафтарының, ішкі өртке қарсы су құбырының жай-күйі мен жинақталуына, өрт гидранттарының орналасуына және эвакуациялау жоспарларының болуына ерекше назар аударылды.
"Біздің оқырмандарды оқытуда мұндай көмек қажет және өте пайдалы. Құтқарушылардың осындай санаттағы азаматтарға қамқорлығы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді",-деп атап өтті "Шығыс Қазақстан облысының зағиптарға арналған кітапханасының" қоғамдық қызметкері Назира Айтқазина.