Шығыс Қазақстанда көшкін қаупі бар!

Шығыс Қазақстанда көшкін қаупі бар!

Ауа-райының тұрақсыздығы, ауа температурасының көтерілуі және Шығыс Қазақстанда жауған қардың көп мөлшері өңірде көшкін қаупіне алып келді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының қызметкерлері профилактикалық түсулер жүргізді. "Горная Ульбинка-Северное" автожолында 2 жарылыс жасалды, 2650 текше метр қар түсті.
Қыс мезгілінің басынан бастап 67 кәсіптік түсіру жүргізілді, нәтижесінде 262460 текше метр қар түсті.
ШҚО ТЖД құтқарушылары атап өткендей, алда Наурыз – ең қауіпті ай. Құбылмалы ауа –райы мен жел-қар көшкінінің өздігінен түсу мүмкіндігіне әсер ететін факторлар.
Естеріңізге сала кетейік, облыста автожолдар мен елді мекендерге қауіп төндіретін көшкін қаупі бар учаскелер бар.  
"Осы күндері қар көшкінінде қар көп жиналды. Біз қауіпті жою үшін қар көшкінін түсіреміз. Әзірге облыста жылыну салдарынан қардың еру қаупі сақталады. Алдағы күндері қауіпті беткейлерде профилактикалық жұмыстарды жалғастырамыз. Тұрғындарға қауіп төндірмеуге және құтқарушылардың ескертулеріне немқұрайлы |қарамауға  кеңес береміз", - деп атап өтті"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
       "Бұл уақытта тәуекелге барып таулы жерлерге бармаңыз. Есіңізде болсын, қатты айқай, шу қар көшкінін тудыруы мүмкін. Көлікте қар көшкіні қаупі бар учаскенің жанынан өтіп бара жатқанда-тоқтамаңыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз", - деп түсіндірді ШҚО ТЖД ТЖ бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
       Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек:

- жартастың, ағаштың артына паналауға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз;
- қар көшкініне түскеннен кейін, бетінде қалу үшін жүзу қимылдарын жасаңыз;
- қарға батырылған кезде тізеңізді ішке қарай тартыңыз, қар көшкіні тоқтағанша күтіңіз, үстіңгі және астыңғы жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.