
Шығыс Қазақстанда "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары мен құтқарушылар таудан қар көшкінін түсірді. "Өскемен-Таулы Үлбі - Северное" автожолының учаскесінде көп тонна қардың түсу қаупі төнді, сондықтан алдын алу шаралары қабылданды. Жарылыс жұмыстарының көмегімен 3700 текше метр қар түсті.
"Қардың шыңдары кез келген уақытта бұзылып, қар массасының жолға түсуіне себеп болуы мүмкін. Мұнда қардың биіктігі шамамен 160 см-ге жетті, сондықтан біз алдын алу жұмыстарының кешенін уақтылы жүргізіп жатырмыз. Облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша 20 қар-көшкін маршруттары әзірленді, онда қар көшкіндерінде 160 қар өлшегіш сырықтар орнатылды, оларға "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының бақылаушылары қызмет көрсетеді", - деп түсіндірді Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
жалпы қыстың басынан бері 65 жару жұмыстары жүргізіліп, 259810 текше метр қар түскен. "Өңірде көшкін қаупі сақталуда. Тұрғындар дауылды ескертулерге немқұрайлы қарамай, тауға шығудан бас тартуы керек", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
ШҚО ТЖД ұсынады:
- қар мен қолайсыз ауа-райында тауға шықпаңыз;
- ерігеннен кейін және қатты желде;
- көшкін қаупі бар жерлерге жақын болғанда қауіпсіздікті қадағалаңыз
- дауыл туралы ескертулер мен көшкін қаупі туралы Сіз "Дармен"мобильді қосымшасынан біле аласыз
- Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.