ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс топтары жұмыс істейді

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс топтары жұмыс істейді

Су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық шеңберінде және ШҚО әкімі бекіткен кестеге сәйкес өңірде арнайы құрылған топтардың жұмысы жүріп жатыр. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖД мамандары, "Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" РММ және басқа да мүдделі органдар кірді.

Топтар Шығыс Қазақстанның барлық аудандарына барып, қар шығару және су өткізгіш құбырлар мен каналдарды тазарту жөніндегі жұмысты бағалайды, су өткізу кәрізін, ГТҚ жай-күйін, қажетті материалдық-техникалық құралдарды дайындауды тексереді және халықпен профилактикалық жұмыстың жүргізілуіне талдау жүргізеді. Өзендерде жоспарланған жарылыс жұмыстарының орындарына барып, тасқын суларды апатсыз өткізуге қабылданып жатқан шараларға алдын ала баға береді.

Сондай-ақ жұмыс топтары кәсіпкерлермен азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге, адамдарды орналастыруға, азық-түлік тауарларын жеткізуге, көлік қызметтерін көрсетуге, ТЖ жағдайында ЖЖМ жеткізуге ниет-шарттар жасалғанын тексереді. Әкімдікте және ауылдық округтерде жауапты лауазымды тұлғалардың тәулік бойы кезекшілік ету кестесі белгіленді, су тасқыны кезеңінде ТЖ болған жағдайда халықты хабардар ету схемасы айқындалды.

Осындай іс-шаралар ТЖ кезінде уақтылы әрекет етпеу және кемшіліктерді уақтылы жоюға мүмкіндік береді.

Арнайы құрылған топтардың жұмысы бүкіл облыс бойынша жалғасады, су тасқыны кезеңі жақындаған және оған дайындық жағдайы ерекше бақылауда. Жалпы облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар ұзындығы 221 км 1057 су өткізу құрылыстарын, 217 каналдар мен арықтарды тазартты, 243 мың текше м. қар шығарылды, 42000 дана қапшық, 1874 тонна инертті материал, 237 тонна ЖЖМ дайындалды.