Қыста балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Қыста балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Қыста балық аулау қызықты болғанымен, өте қауіпті. Осыған байланысты Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Олар балықшыларға жабдықталмаған жерлерде мұзға шығу қаупін еске салады. Егер мұз жарылып кетсе немесе мұз бетінде су пайда болса, дереу жағаға оралу керек, мұз үстімен жүрген кезде аяғыңызды кеңірек ұстау керек. Мұзда адамдар мен жүктердің бір жерде жиналуына жол берілмейді, қолайсыз ауа-райында мұзға баруға болмайды. Ауданның су айдындарындағы рейдтік іс-шаралар апта сайын жүріп келе жатыр. Жалпы 56 рейд өткізілді, жергілікті атқарушы органмен Ұлан ауданының полиция бөлімімен бірлесіп балықшыларға 82 жадынама таратылды, бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.