Су тасқынының алдын алу бойынша

Су тасқынының алдын алу  бойынша

Ағымдағы жылдың ақпан айында Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен су тасқынының алдын алу бойынша Зайсан ауданының барлық құрылымдық мекемелерінің қатысуымен дайындық жұмыстары жүргізілді және барлық мекемелердің техникалары жұмылдырылды. Зайсан ауданының әкімі Д. Қажанов су тасқынының алдын алу жұмыстарына тексеру жүргізіп, техникаларды қарап.

Аудан аумағында ауа райының жылуына байланысты ауданда су тасқыны қаупі орын алуы мүмкін.Су тасқыны қардың тез еруінен  көп мөлшерде жауған жаңбыр салдарынан болады. Қардан және мұздан тазарту бойынша алдын ала даярлық, көктемгі су тасқының зардаптарын болдырмауға немесе азайтуына мүмкіндік береді. Қауіп қатерлі кезеңде жіберілетін гидрометео қызметінің хабарларын және ТЖ тиісті  органдарының ақпараттарын мұқият тыңдау қажет.

Егер сіздің тұрған үйіңіздің су басатын жерлерін күреу керек болса сізге келесі ережелерді орындау қажет.

-көшелерді, аулаларды ғимараттардың төбелерін өткелдерді , кіру және шығу жерлерін, су құбырларын, су жүретін жерлерді қардан алдын ала тазарту.

-шұғыл  көшетін болған жағдайда , үш тәулікке жететін тамақ және су қорын тиісті құнды заттарды  жылы киім дәрі-дәрмектерді дайындап қойыңыз.

-ұдайы дайындықта ақша құжат құнды қағаздарды ұстаңыз.

-үйлеріңізді пәтерлеріңізді қорғау үшін қажетті жұмыстар жүргізу: есіктермен әйнектерді бекіту жоғары қабаттарға (шатыр төбе) үй нәрселерін және бағалы заттарды апарып қою ауладан шаруашылық құралдарды жинау, мал азығын қауіпсіз орынға жеткізу.

-үй жануарларын, мүлкіңізді қауіпсіз аумақтарға алдын ала көшіріңіз.

-Судың аяқ астынан қатты ағуы болған жағдайда және су деңгейі көтеріле бастаса:

-үрейге берілмеңіз тез және нық әрекет жасаңыз.

-сабыр сақтаңыз.

-есіктер мен әйнектерді жабыңыздар электр газды және пештегі отты сөндіріп кетіңіз.

-үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  барлық шараларды қабылдаңыз қора есіктерін қақпаларды ашып малды бос жіберіңіз.

-су өткізбейтін киім киіңіз өзіңізбен құжаттарыңызды ақша бағалы қағаздарды, ішетін су қорын, тамақ, дәрігерлік қобдишасын ең қажетті заттарыңызды алыңыз да ғимаратты босатыңыз.

-су басқан аймақтан жылдам шығуға тырысыңыз, егер шыға алмасаңыз қайық және басқада жүзіп шығуға болатын нәрсемен қауіпсіз жерге жетіңіз немесе төбеге шатырға шығыңыз.

-суға батқан азық түліктерді жемеңіз, қайнатылған су ғана ішіңіз.

Ата-аналар және оқытушылар!

-Балаларды суаттарға жібермеңіз,  әсіресе, мұз жүру уақытында оларға суаттарды ашу кезінде мұзда болуы жарда және шайылған жағалауда болуы қауіпті екенін алдын ала ескертіңіз.

Тұрып жатқан үйіңізге судың келгені туралы дерегін Зайсан ауданының ТЖБ және Зайсан аудандық су тасқынға қарсы штабқа хабарлаңыз телефон  101, 21-2-01

Әр жағдайда өзіңізді сенімді ұстап үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасап  бірінші кезекте балалар мен қарттарға көмек көрсете біліңіз.