Қауіпсіздік күзетіндегі еріктілер мен құтқарушылар

Қауіпсіздік күзетіндегі еріктілер мен құтқарушылар

Жаңа жылдағы ынтымақтастықты құтқарушылар мен еріктілер тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар жүргізуден бастады, осылайша өрттердің және көміртегі тотығымен улану жағдайларының алдын алу бойынша профилактика жүргізуде. Құтқарушылар мен еріктілер өрттің алдын алу және пешті қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстар береді.
   Глубокое ауданының Белоусовка кентінде ШҚО ТЖД құтқарушылары мен "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" еріктілері 140-тан астам үйге барып, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін 38 бұзушылық анықтады, үй иелеріне қауіпсіздік ережелерін уақтылы түсіндірудің арқасында бұзушылықтардың негізгі пайызы сол жерде жойылды. Негізінен, үйлердегі бұзушылықтар пештер мен электр құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты: мұржалар тазаланбайды, жарықтары бар пештер жөнделмейді, өрт қауіпті розеткалар қолданылады және желіні бірден бірнеше электр құрылғыларына жүктейді.
"Еріктілер жылу беру кезеңінде және ТЖ-ның басқа да түрлерінде қауіпсіздік шараларының алдын алуда қажетті көмек көрсетеді. Халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға көмектесетін рейдтерге, акцияларға, іс-шараларға тұрақты түрде қатысады. Олардың көмегімен біз тұрғындардың ең көп пайызын қамтып, өрт пен жазатайым оқиғалар қаупінің алдын аламыз", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
    ШҚО ТЖД Өрт пен көміртегі тотығымен улану жағдайларын болдырмау үшін келесі ережелерді қатаң сақтау қажет екенін ескертеді:
        - жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтін мұржалары және басқа да элементтері жылыту маусымы кезінде ыстан кемінде үш айда бір рет – жылыту пештері үшін, кемінде екі айда бір рет – үздіксіз жұмыс істейтін пештер үшін уақтылы тазалануы тиіс;
      - шатырларда және түтін арналары өтетін үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктелуге жатады;
       - жылыту пешінің алдында өлшемі 50*70 см болатын металлдан жасалған парақ болуы тиіс;
         - қыздырылған күл мен қожды оттықтардан шығарғаннан кейін олар үшін арнайы бөлінген жерге алып тастап, су төгеді
        Пешті жылытуды қауіпсіз пайдаланудың маңызды факторы-жылыту пешінің дұрыс қалануы.  Сонымен, жылыту пешінде жанғыш құрылымдардан белгіленген өртке қарсы бөлу (шегіну) болуы керек.
- Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз, бір розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қоспаңыз
-Ашық отпен  жұмыс істеуде абай болыңыз.
- Үйден шыққан кезде электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз
Өрт және ТЖ кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі