Құтқарушы мамандығын қалай алуға болады

Құтқарушы мамандығын қалай алуға болады

 

     ШҚО ТЖД мамандары Өскемен қаласының №46 мектеп оқушыларымен кездесті. Алда мектепті бітіріп, мамандық таңдау әр-адамның өміріндегі өте жауапты кезең. Құтқарушылар мамандығын қалай алуға болатынын білу үшін, ШҚО ТЖД қызметкерлері талапкерлермен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын  жүргізді.

         Талапкерлерге ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау Академиясының құтқарушылары мен курсанттары құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің ержүрек кәсібінің ерекшеліктері мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу туралы айтып берді. Ең бастысы, балалар Академияға түсу шарттары туралы білді.    

 Күндізгі оқу нысанына орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

         Бүгінгі таңда, жалпы білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриаттың 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды даярлайды: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Өрт сөндіру және авариялық құтқару ісі», «Азаматтық қорғаныс командалық тактикалық» және магистратура бойынша 1 білім беру бағдарламасы бойынша оқытады.

         Академияда азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін бастапқы оқытуды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Көкшетау, Өскемен қалаларында 6 оқу орталығы жұмыс істейді.

         Халықаралық ынтымақтастық аясында Академияда Қырғыз Республикасының азаматтары білім алуда.

Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

Академияға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің  кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш береді.

Курсанттарды оқыту, республикалық бюджет қаражат есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі.

      Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда, төртінші курста оқитындар Көкшетау қаласында еркін тұрады.

Академияда күндізгі оқудың толық курсын, атап айытқанда 4- жыл бітірген адамдар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. 
           Осы жылдан бастап Академияға оқуға қыздар қабылданады. 1-4 курс аралығында қыздар Көкшетау қаласында жатаханадан тыс жерде тұрады.

Академияға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің  кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (еркін нысанда) береді.

Толық ақпарат алу үшін ШҚО ТЖД кадр саясаты бөліміне 25-07-94 телефоны арқылы хабарласуға болады.