
2023 жылдың 8 ақпан күні Ұлан ауданының әкімі Ренат Тлеуханович Құрмамбаевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді. Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының мүшелері және ұйымдардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде су тасқыны қауіпті кезеңіне дайындығын, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардан болатын залалды азайтуға бағытталған алдын-алу іс-шараларын жүргізу туралы сұрақтар қарасытырылды. Баяндамамен Ұлан ауданы ТЖБ бастығы А. Ш. Бидахметов, Ұлан ауданының ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері және "Қазсушар" РМК ШҚ филиалы, "Шығыс су қоймалары" РМК өкілі сөз сөйледі. Екінші сұрақ азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын көктемгі кезеңнің қауіп-қатерлері мен төтенше жағдайлардың туындауына ден қоюға даярлыққа өткізу және халықты эвакуациялауға дайындау туралы сұрақтар талқыланды.