Өрт қауіпсіздік ережелері

Өрт қауіпсіздік ережелері

2023 жылдың 2 ақпанында Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлері және ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 3 курс курсанттары бірлесе, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің және Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушыларына, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Өрт қауіпсіздік ережелері», «Бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдері», «Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбымен таныстырып, интерактивті тақтадан видеороликтер көрсетілді. Қатысқан оқушы саны 86 ер бала 58 қыз бала.