тасқыны қаупі бар учаскелері бойынша рейд жүргізді

тасқыны қаупі бар учаскелері бойынша рейд жүргізді

Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері, ауданның су тасқыны қаупі бар учаскелері бойынша рейд жүргізді. Рейдтік іс-шаралар кезінде елді мекендерді су басу қаупі анықталған жоқ. Тұрғындармен, аула аумақтарынан қарды тазарту және шығару тақырыбында жиын өткізілді, сондай-ақ тұрғын үй секторының су тасқыны қаупі кезінде халықтың мінез-құлық ережелері туралы әңгіме жүргізілді. Ауданның жергілікті атқарушы органдары каналдарды, арықтарды, өзендер мен көпірлерді тазарту және тереңдету бойынша су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде. Әдетте, су деңгейі болжанады және халыққа су тасқыны туралы алдын-ала хабарланады. Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтері қабылдаған барлық шараларға қарамастан, әр адам өз өмірі мен су объектілеріндегі қауіпсіздігіне өзі жауап береді.