Глубокое ауданының ықтимал су басу аймағына 9 елді мекен кіреді

Глубокое ауданының ықтимал су басу аймағына 9 елді мекен кіреді

Глубокое ауданының ықтимал су басу аймағына 9 елді мекен кіреді: Глубочанка өзенінде, Белоусовка кенті, Глубокое кенті, Прогресс ауылы, Глубокое кенті. "Петушки" - "Петушок" шоқысынан еріген және жаңбыр суларынан, Предгорное ауылы, Красноярка өзені  («Олимпиада» ы/а), «Переплюйка» жылғасынан, Опытное поле ауылы Жуковка жылғасынан,  Черемшанка а., Поскакуха өзенінен,  Прапорщиково а.,  «226 айырық жолға» дейін еріген сулардан, Уварово а., Ертіс өзенінен егістік алқаптарының еріген суларына дейін,  Ушаново а.,   «Безимянный» жылғасының жауын-шашын және еріген суларынан.

2023 жылғы су тасқыны кезеңіне жеке құрамның 170 адамнан астам күштері мен құралдары, 144 бірлік техника, интерт материалдары - 100 тонна, қаптар - 6200 дана, 29 мотопомпа әзірленді. 

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру шеңберінде 3 іс-шараны іске асыру жоспарланған: бұл ретте Глубокое ауданындағы Тарханка ауылының маңындағы Үлбі өзенінде су тасқынына қарсы іс-шаралар толық көлемде орындалды.  Черемшанка ауылындағы өндірістік база ауданындағы Үлбі өзенінде су тасқынына қарсы іс-шаралар және Черемшанка ауылынан жоғары Үлбі өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары іске асырылатын болады. 

Агроорман мелиорациясы жүргізілуде, яғни күзгі кезеңде беткей суларынан (егістіктерден) су тасқыны қаупі бар елді мекендердің айналасында беткейлер арқылы жер жыртылды, қазір беткейлерді террассалау жұмыстары басталды (Алтайский кенті мен Перевальное ауылының 3 елді мекенінде жүргізілді, 226 айырық жол)

Сондай-ақ, су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ЖАО автомобиль жолдарының астында 6 су өткізу құбырын және теміржол астында 2 су өткізу құбырын тазалауды ұйымдастырды. 250 м арық тазартылды. Күн сайын қар шығару жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі таңда ауданда 5000 мың текше метрден астам қар шығарылды.

«Қазгидромет» РМК ШҚ филиалының деректері бойынша 2023 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Глубокое ауданындағы топырақтың қатуы 48 см, қар жамылғысының биіктігі 113 см құрайды.

 Қазіргі уақытта аудандағы гидрологиялық жағдай тұрақты.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі