
Жыл басынан бері Глубокое ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауданның су тасқыны қаупі бар учаскелеріне тұрақты мониторинг жүргізіп келеді. Жуықта Глубокое ауданының 5 гидротехникалық құрылғысына, Глубочанка өзеніндегі, Церковка өзеніндегі № 1 және № 2 тоған бөгетіне, Секисовка өзеніндегі тоған бөгетіне, Красноярка өзеніндегі су қоймасының бөгетіне көзбен шолу жасалды. Тексеру қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар Глубокое ауданының ТЖБ құтқарушылары су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық қағидалары бойынша ұсынымдарды табыстай отырып, тұрғын үйлерге аралау жүргізеді:
- үй маңындағы аумақтарды қардан тазалаңыз, арықтар мен арналарды бітемеңіз, себебі бұл судың кептелуіне әкеледі
- үйдің аумағын (қаптар, топырақ, құм, саз) үйіп тастау үшін материалды дайындау.
- жағдай қиындаған жағдайда эвакуациялауға дайын болу, малды қауіпсіз жерге шығаруға әзір болу;
- құжаттарды, қажетті заттарды, дәрі-дәрмектерді дайындау;
- бағалы заттарды жоғарғы қабаттарға ауыстыру
Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласуға болады