екі қабатты түрғын үй секторында рейдтер жүргізді

екі қабатты түрғын үй секторында рейдтер жүргізді

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 29 күні Зайсан ауданының ТЖБ және               № 25 ӨСБ қызметкерлері, Зайсан қаласы Алтаэнергия  қызметкерлері, Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылының әкімшілігінің қызметкерлері бірлесе, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің Абай көшесі № 7 ағаштан салынған екі қабатты түрғын үй секторында рейдтер жүргізді. Рейдтер барысында жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық жүргізіліп, жылыту пештерін пайдалану және электр жылыту құрылғыларын пайдалану бойынша ұсыныстар берілді. Жалпы саны 68 тұрғын үй араланып, 121 адам қамтылды, 3 бұзушылық анықталды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.