
ШҚО ТЖД құтқарушылары мен «№ 29 қосымша білім беру мектебі орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығымен бірлесіп «Қысқы жағдайдағы іздестіру - құтқару жұмыстары» бойынша балалар жарыстарын ұйымдастырды.
«Біз бұл іс-шараларды өскелең ұрпақ арасында «Тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін» арттыру мақсатында тұрақты негізде жүргізіп келеміз. Қазылар алқасының құрамына кіреміз және осы жолы «№29 ҚББМО» педагогтарымен бірлесіп, қиын маршруттар мен кезеңдерді әзірледік, осындай жарыстардан өткеннен кейін әрбір бала төтенше жағдайларда мінез-құлық ережелерін меңгереді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Жарыс бағдарламасы бірнеше жарыстардан тұрды.
Барлығы нағыз құтқарушылар сияқты. Оқушылар 30 метрлік шаңғы қашықтығынан өтіп, от жағып, жәбірленушіге «кокон» жасап, оны қауіпсіз жерге тасымалдауы керек еді. Келесі кезең жер бедерін бағдарлау. Азимутты анықтау арқылы командалар белгіленген бағытта алға жылжиды. Егер азимут дұрыс таңдалса, онда маршруттың соңында оларды пакет күтеді, онда қатысушылар көмек туралы белгілі бір сигнал белгісін қолда бар құралдардан құруы керек деген тапсырма болды. Содан кейін жас құтқарушылар нысанаға пневматикалық мылтықтан нысанаға дөп түсіп, қысқы баспана салуы керек еді. Жарыс өте қызық өтті.
Жарысқа барлығы 80-нен астам оқушы қатысты.
Қиын күрестің нәтижесінде жеңімпаздар келесідей бөлінді: №49 мектеп командасына гран-при, №29 және № 10 мектептің жас құтқарушылары бірінші орынды, №16 мектеп оқушылары екінші орынды, №4 мектеп командасына үшінші орынды иеленді.
«Мұндай іс-шаралар «Жас құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қозғалысын насихаттау мақсатында өткіземіз. Мұндай практикалық сабақтар кезінде оқушылар қауіпсіздік шаралары бойынша материалды жақсы меңгереді», - деп атап өтті №29 мектептің «Жас құтқарушы» орталығының басшысы Евгений Шатурный.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі