ШҚО ТЖД құтқарушылары қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы жаңа мультфильмнің тұсауын кесті

ШҚО ТЖД құтқарушылары қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы жаңа мультфильмнің тұсауын кесті

"№48 қосымша білім беру мектебі - орталығында " тұсаукесер өтті. Оқушылар мамандар көрсеткен мультфильмді қызығушылықпен тамашалады. Өткен эпизодтарда шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері мен өрттің алдын алу туралы айтқан кейіпкерлер бұл жолы Тентек пен Айя қысқы оқиғаға тап болды.
Мультфильмде Тентек атты балақай сырғанақ теуіп, қар атысып ойнайды, ойнаған кезе қауіпсіздік шараларын қаперіне де алмайды, сол себепті түрлі шытырман оқиғаға тап болып жүреді, ал оның әрекеттерін артынан түзеп жүретін құрбысы Айя әркез жанынан табылады. Оның кеңестері мен ұсыныстары қысқы демалысты жарақатсыз және қауіпсіз өткізу үшін мұқият тыңдау керек.
"Кейіпкерлер, қарапайым қыздар мен ұлдар арқылы ережелер жинағын беру идеясы тамыр жайып, күшіне енді. Балалар ересектердің іш пыстыратын дәрістерін тыңдай бермейді. Сондықтан, біз өздеріне қол жетімді және түсінікті балалар тілінде құрдастарының ережелерді бұзу қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін мысалдар келтіретін жолмен жүрдік. Бұл қарапайым және түсінікті нұсқаулар", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Кең ауқымды профилактика, өткізіліп жатқан акциялар, рейдтер, мультфильмдер және өскелең ұрпақпен жұмыстың арқасында ШҚО ТЖД қызметкерлері балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайларды азайта алды. Бұл ШҚО құтқарушыларының жас кейіпкерлер: Тентек ұл пен Айя қыз туралы үшінші мультфильмі. Бұған дейін өрт қауіпсіздігін сақтау, судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы әңгімелер жарияланған болатын. Мәтіннің, монтаждың авторы ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің қызметкерлері болды, ал мектеп оқушылары тентек пен Айя кейіпкерлерінің дауысын дыбыстады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі