ШҚО өрт сөндірушілері науқастарға көмектесу үшін 17 литр қан тапсырды

ШҚО өрт сөндірушілері науқастарға көмектесу үшін 17 литр қан тапсырды

ШҚО ТЖД-ның 40-шақты өрт сөндірушісі мен құтқарушысы «ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ дәрігерлерінің «Шығыс Қазақстан қан орталығы» ШжҚ ҚМК қатысуымен ұйымдастырылған донорлық акциясына қатысты. Акция өзге адамдардың сауығып кетулеріне мүмкіндік беруге даяр адамдардың басын қосты.

ТЖ қызметінің мамандары үшін бұл жыл сайынғы дәстүрге айналды. Олар қан құюға мұқтаж науқастарға риясыз көмектесуге дайын, сондықтан да осындай шаралар жыл сайын өткізіліп тұрады.

«Статистикаға сәйкес әрбір үшінші адам өмірінде қан құюды қажет етеді. Өзімнің 450 миллилитр қанымды беру арқылы науқастарға көмектескім келеді және құтқарушылардың осы шараға қатысуы маңызды деп санаймын. Донор – ол өмір сыйлаушы. Акцияға қатыса алатындардың барлығын шақырамыз» - дейді 6-өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дәурен Сүйінбаев.

Құтқарушылар арасында кей донорлар бұрыннан келе жатса, кейбірі алғаш рет тапсыруда және оған барлық жауапкершілігімен дайындалды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары барлығы 17 литр қан тапсырды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі