
Суға шомылу рәсімі ресми дайындалған 20 орында өтті. Адамдардың негізгі ағымы облыс орталығында болды. Мұнда шомылу рәсімінен 2900 аса адам өтті. Риддердегі ойықта–шамамен 300 адам. Алтай ауданында – 1200-ден аса адам, аудандарда 1210 адам шомылды.
Құтқарушылар мен полицейлердің, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің бақылауымен шомылу оғаш оқиғасыз өтті. Әрбір учаскеде төтенше және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шомылушыларға бақылау орнатылды. Қатысушылар үшін алдын ала нұсқаулық өткізілді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдардың, жедел жәрдем дәрігерлерінің және Апаттар медицинасы орталығының, полицейлердің 270 және 65-тен астам техникасы жұмылдырылды.
Құтқарушылардың кезекшілігі бүгінгі кешке дейін жалғасады.