Құтқарушылар Шомылдыру рәсіміне дайындалуда

Құтқарушылар Шомылдыру рәсіміне дайындалуда

Христиандардың басты мерекелерінің бірі – Крещение Господне рәсіміне аз уақыт қалды. Жергілікті атқарушы органдар шомылатын орындарды дайындап,  оларға ТЖ қызметінің қызметкерлері көмектесуде, олар мұздың беріктігін сол жерде тексеріп, ойықтар жасайды. Адамның мұзға шығуы үшін қалыңдығы кем дегенде 10 см қауіпсіз.

Діндарлар рухани дайындалып жатқанда, ШҚО ТЖД құтқарушылары кезекшілік үшін жеке құрамды күшейтіп, қауіпсіздік бойынша нұсқамалар өткізіп жатыр. Барлығы Шығыс Қазақстанда құтқарушылар, дәрігерлер, полицейлер кезекшілік ететін 20 орын анықталды. Жалпы саны 270 адам және 65 бірлік техника жұмылдырылатын болады.  

Шомылғысы келетіндер үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері жылыну үшін шатырлар орнатты.

"Іс – шараның оғаш оқиғасыз өтуі үшін қарапайым ережелерді сақтау керек-алкогольді ішпеу, ересектерсіз балаларды суға жібермеу, мұз ойығында бір минуттан артық болмау, созылмалы аурулары бар адамдарға шомылмау. Рәсім үшін дәрігерлер мен құтқарушылар кезекшілік ететін жабдықталған орындарды ғана таңдаңыз. Өзіңізбен бірге оңай шешілетін және тайғанамайтын аяқ киім, үлкен түкті сүлгі немесе халат пен ыстық шай алыңыз"- деді ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Игорь Лапенлавский.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша бүгінгі түні Өскемен, Глубокое және Шемонаиха аудандарында ауа температурасы 17-22 аяз, Алтай, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарында 25-тен 32 градусқа дейін аяз күтіледі.