Өскемен қаласында автокөлік жанып кетті

Өскемен қаласында автокөлік жанып кетті

Өскемен қаласында 2023 жылғы 14 қаңтарда Абай даңғылында 1992 жылы шыққан "BMW 520 і"автокөлігінің тұрағы кезінде, салонның ішкі қаптамасы, жүксалғыш, доңғалақтар өртенді. Келген өрт сөндірушілер 3 шаршы метр алаңдағы өртті жойды. Өрттің себебі - қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсызда жұмыс істеу, атап айтқанда автомобильдің бензин сорғысына апаратын сымдардың қысқа тұйықталуы болды. ШҚО ТЖД автокөліктегі өртті қалай болдырмау керектігін еске салады:
Көбінесе автомобильдердегі өрттердің себептері жекелеген тораптардың, агрегаттардың, қолданылатын жанар-жағармай материалдарының өрт қауіптілігі туралы білімінің болмауы, автомобильдерді техникалық пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамау және сақтамау, техникалық қызмет көрсетудің уақтылы және толық көлемде жүргізілмеуі болып табылады.

Өрттің жиі кездесетін себептері: электр жабдықтары мен отын жүйесінің ақаулығы; салонда темекі шегу кезінде отпен абайсыз болу; қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты (алауды) пайдалану. Жөндеу кезінде: электр жабдығының ақаулығы; электр дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және отпен абайсыз болу; қоректендіру жүйесінің ақаулығы.

Капоттың астындағы өртті алдымен ашқаннан кейін сөндіру керек. Мұны мұқият жасау керек, өйткені жалынның шығуы мүмкін. Өрт сөндіргішті неғұрлым қарқынды жану ошағына бағыттау қажет. Автокөліктердегі өрттер тез болады және жүргізушілер мен жолаушыларға үлкен қауіп төндіреді.Электр жабдықтары мен салонның синтетикалық қаптамасының көптігілі өрт кезінде улы газдарды көп мөлшерде шығарады. Салонда өрт сөндіргіштің болуы көлік құралы жинағының ажырамас бөлігі болып табылады. Өрт сөндіргіш сенімді және жарамды болуы керек.

Автокөлікте өрт болған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.