ШҚО құтқарушылары темір сақинаның тұтқынына көмектесті

ШҚО құтқарушылары темір сақинаның тұтқынына көмектесті

Өскеменде құтқарушылар төтенше жағдайға тап болған он үш жасар балаға көмекке келді. Оқиға орнына келген кезде бала саусағына сақина киіп, оны шеше алмаған. Саусағы ісіп кеткен. Сол кезде ата-анасы 112-ге қоңырау соқты.

Бүкіл құтқару операциясы кезінде анасы жанында болды, мамндандырылған жасақ қызметкерлері балақайды тыныштандырып, құралдардың көмегімен «сақинаны» шешіп алды.

 ШҚО ТЖД ата-аналардың балалары үшін жауапты екендігін еске салады. Балаларды қараусыз қалдыру түрлі оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін. Балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіз.

Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыз.