
Даладағы аяз күшейе түскенде, ШҚО ТЖД құтқарушылары, әдетте, "пеш" өрттерінің санын және көміртегі тотығымен улану жағдайларын тіркеп жатады. Шынында да, қыста еш қиындықсыз жылыну үшін пеш дұрыс, ең бастысы қауіпсіз қалануы керек. Жеке үй иелерінің "тағы бір қыстап шығамын " деген сенімі өте өкінішті салдарға әкеп соғып жатады.
"Шатырға да назар аударған жөн. Негізінде өрттің себептері өте көп: төбе жылуды ұстап тұруы үшін көбінесе үгінділер немесе сабан төсеп жатады, ал онда қаншама "пайдалы" және "қажет болатын" заттар жылдар бойы сақталады - тұрмыстық қоқыс, ескі заттар мен кітаптар, жиһаз. Мұның бәріне жақын - мұржа. Ең жақсы жағдайда – ол сыланған және ағартылған, ең нашар жағдайда – жарықтары бар. Кішкентай ғана ұшқын да жеткілікті", - деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Шығыс Қазақстанда пештерді пайдаланатын шамамен 114 000 үй бар. Алдағы күндері аймақта дауыл туралы ескерту жарияланған, суық антициклон және температураның төмендеуі сақталады. Құтқарушылар тұрғындардан суықта пештерді жағу ережелері бойынша ұсыныстарға назар аударуды сұрайды:
- Пешті күніне бір рет қатты қыздырғанша күніне бірнеше рет жаұұан дұрыс
- Пештің есігінің алдында міндетті түрде от алдындағы металл табақ болуы тиіс
- Пешті бензинмен, керосинмен немесе басқа жанғыш сұйықтықтармен тқтатпаңыз. Оларды пайдалану жарылыс тудырып немесе жалын лап етуі мүмкін.
- Күлді, қожды, көмірді жанатын құрылыстардан 15 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген жерге алып тастау керек.
- Пешті жағуды ұйқыға кетуден кемінде 2 сағат бұрын тоқтату керек.
-Ешбір жағдайда ашық есіктері бар пештерді жағуға, оларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ жанып жатқан пештерді балаларға қадағалауға, пеш үстіне отынды, киімді және басқа да жанғыш материалдар мен заттарды кептіруге және сақтауға тапсырма беруге болмайды.
- Қыста еш қиындықсыз жылыну үшін пешті ең алдымен дұрыс қалау керек. Пештің есіктері мен үрлегіштің жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз, ал пештің өзінде жарықтар болмасын. Мұржаның жанатын төбе арқылы өтетін жерінде мұржаның периметрі бойынша кірпішпен қалыңдату керек. Пешті үй-жайлардың жанатын конструкцияларына жақын орнатуға тыйым салынады. Бұл жағдайда шегініс қарастырылған. Шатырдағы мұржаны қызыл саз кірпіштен, сылақтан және ағартудан жасау керек.