Жақсы жаңалық: ҚР ТЖМ Академиясына оқуға енді қыздар да қабылданады

Жақсы жаңалық: ҚР ТЖМ Академиясына  оқуға енді қыздар да қабылданады

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсуге қабылдау басталды,  ҚР ТЖМ М.Ғабдулин күндізгі оқу нысаны бойынша .

 ҚР ТЖМ  М. Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау Академиясына күндізгі оқу нысанына орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары (ұлдар мен қыздар) қабылданады. Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

Академияда оқу шарттары: курсанттарды оқыту, республикалық бюджет қаражат есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ курсанттарға демалыс кезінде жол жүру ақысы төленеді. Оқу мерзімі -4 жыл. Оқу уақыты мен мерзімі әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.

Басты жаңалық –қазір азаматтық қорғау Академиясына оқуға қыздар қабылдануда. 1-4 аралығында қыздар Көкшетау қаласында жатаханадан тыс жерде өз есебінде тұрады.

Академияға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің  кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (еркін нысанда) береді.

Толық ақпарат алу үшін ШҚО ТЖД кадр саясаты бөліміне 25-07-94 телефоны арқылы хабарласуға болады.