
06 Қаңтарда 20 сағат 48 минутта Назарбаев даңғылында пәтерде өрт шықты. Санаулы минуттарда келген өрт сөндіру бөлімшелері бірінші кезекте баспалдақпен 8 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін басқан кіреберістен 10 адамды эвакуациялады.
Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді. пәтерде төсек-орын жанып жаткан. Барлау барысында өрт орнында 1980 жылы туған қожайынның ұлының мәйіті табылды.
Дер кезінде көмекке келген өрт сөндірушілер 1984 жылы туған адамды құтқарып, оны қою түтін басқан пәтерден алып шықты. Жедел жәрдем көлігімен ол жану өнімдерімен улану және термиялық күйік белгілері бар қалалық ауруханаға жеткізілді.
Өрт себебі нұсқасы бойынша төсекте мас күйінде темекі шегу болжамы пысықталуда.
Сөндіруге барлығы 14 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.Тұрғын үй-жайларда, әсіресе алкогольдік мас күйінде темекі шегуге жол бермеңіз.
Мұндай өрттер өте қарапайым схема бойынша басталады: ішіп, темекі шегіп, ұйықтап қалды... Жанып тұрған темекі қауіпті, өйткені ол төсек-орын жабдықтарын және басқа жанғыш материалдарды тұтатып қана қоймайды, сонымен қатар бөлменің қатты түтініне ықпал етеді, бұл ыдырау өнімдерімен улануды және ұйықтап жатқан адамның өлімін тудырады.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.