08 Қаңтарда "Тұрғысын" ауылының ауданындағы "Өскемен-Алтай-Рахман қайнары" тас жолында "Nissan Primera" маркалы "Субару Легаси" автомобильдері соқтығысып қалған. Нәтижесінде "Nissan Primera" автокөлігінің салонында жүргізуші қысылып қалды. Оқиға орнына 2-МӨСБ қызметкерлері келді. Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар корпустың бөлшектерін ашып ,1982 жылы туған зардап шегушіні алып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.