
"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 2023 жылғы 06 қаңтарда сағат 18: 30-да "Өскемен - Таулы Үлбі-Северное" автожолында жалпы көлемі 150 м.текше метр қар көшкіні өздігінен жүрген, жол жабық болатын. Қазіргі уақытта жолды Жол қызметтері күшімен тазартылуда.
Қазселденқорғау ШҚФ мамандары қар көшкінін профилактикалық түсіруді жүргізуде, қыс мезгілінің басынан бері өңірде 80 000 текше метрден астам қар түсті.
Естеріңізге сала кетейік, ШҚО ТЖД өңірдегі көшкін қаупі туралы алдын ала ескерткен болатын.
Қауіпсіздік мақсатында халық таулы жерлерге барудан бас тартуы керек.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз