Абайлаңыз, қабаған ит!

Абайлаңыз, қабаған ит!

Өскеменнің құтқарушыларына Защита ауданында трамвай жолында жүргіншілерге тарпа бас салған иттің жатқаны туралы  хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының мамандары жануарларды аулайтын жіптің көмегімен төртаяқтыны трамвай жолынан алып тастады. Иттің жарақаты болғандықтан ол үріп, агрессия танытқан екен. Құтқарушылар жануарды абайлап ұстап алып «ЗООВИТА» ветеринарларына көмек көрсетуі үшін жеткізді.