ШҚО ТЖД-да төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі штаб құрылды

ШҚО ТЖД-да төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі штаб құрылды

Ауа-райының нашарлауына байланысты (түтек боран, көктайғақ)
ШҚО ТЖД-да төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі штаб құрылды.
Облыста 10 уақытша жылыту пункті жұмыс істейді, 700-ден астам құтқарушы техникасы дайын.
Халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы СМС-хабарламаларды, "Дармен" мобильдік қосымшасы арқылы тарату жүзеге асырылды.

Аймақта дауыл туралы ескерту сақталады. Қазіргі уақытта автожолдардың 10 учаскесі жабылды:

1. Предгорное-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы

2. Герасимовка ауылы-Семей қаласы

3. Қалбатау-Қ. Қайсенов

4. Ушанов ауылы-Серебрянск қаласы (20-00 04.01. 06-00 05.01 дейін)

5. Тарғын-Самар

6. Абай обл. – Шемонаиха шекарасы

7. Шемонаиха-Секисовка

8. Шемонаиха-Үлкен Өзен

9. Өскемен-Таулы Үлбі-Северное (20-00 04.01. 06-00 05.01 дейін)

10.Кенсай ауылы-Тасбастау ауылы

Азаматтардың өтініш беруі үшін 55-38-19 телефоны жұмыс істейді.

ШҚО ТЖД Халықты тәуекелге бармауға және елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартуға шақырады