
ШҚО ТЖД хабарлайды: қолайсыз метеожағдайларға байланысты қар түрінде мол жауын-шашынның түсуі және облыстың таулы аудандарында желдің күшеюіне байланысты қар көшкіндерінің өздігінен түсуі мүмкін. Көшкін қаупі 2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 03 қаңтарына дейін сақталады.
ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы ұсынады:
Дауылды ескерту кезеңінде тауға барудан аулақ болыңыз. Көптеген қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез кетіңіз. Егер Сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және Сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса - ұялы телефоннан барлық шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай нөмірі - "112". Ауа-райы туралы "Дармен"мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.