Су тасқыны кезеңіне мұқият назар аударылуда

Су тасқыны кезеңіне мұқият назар аударылуда

        Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі әр көктемде болады. Бұл қоршағар ортаның рельефіне байланысты. Бұл қиын кезеңге дайындық ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингте талқыланды.
        Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Еркен Сәрсембиновтың айтуынша, су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру аясында Жол Картасына 21 тармақ енгізілген. 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 166 млн 688 мың теңгеге 9 іс-шара толық көлемде іске асырылды.
«2023 жылға Зайсан ауданының Жарлы өзені арналарын тазарту, Глубокое ауданының Черемшанка ауылының Үлбі өзенінде және Катонқарағай ауданының Сарымсақты өзенінде, сондай-ақ Үлбі өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жоспарланған. Биылғы жылы "Шығыс су қоймалары" КМК-нің 4 су-техникалық құрылысына жөндеу жүргізілді, Ертіс бассейндік инспекциясы 74 СТҚ зерттеді. Облыста қардан тазарту жұмыстары жалғасуда, қазіргі уақытта 70 000 текше метрден астам қар шығарылды", - деп атап өтті Еркен Сәрсембинов.
ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Ерлан Балтабаев Шығыс Қазақстанда 71 елді мекен тасқын және еріген су тасқынына ұшырайтынын айтты. Оның ішінде 15 елді мекенде қауіп жойылды, 46-да азайтылды.
      ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, төмен жатқан учаскелерде орналасқан елді мекендерде еріген және жаңбыр суын уақтылы өткізу немесе бұру мақсатында арық жүйелеріне түгендеу, арықтар мен арналарды тазарту жүргізілді. Облыс өзендерінде мұзды профилактикалық ұсақтау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарланған, бұл елді мекендерді су басудың алдын алуға көмектеседі.
"Қазгидромет" РМК ШҚ филиалының метеоболжау бөлімінің бастығы Любовь Бухтоярова өз сөзінде облыста 2022 жылғы 1-ші желтоқсаннан 28-ші желтоқсан аралығында 8-ден 30 мм-ге дейін жауын-шашын түскенін, бұл айлық норманың 42-ден 93 % дейін құрайтынын атап өтті. Қар жамылғысының орташа биіктігі 8 – ден 71 см-ге дейін аралықта ауытқиды.  Ең биігі Күршім ауданында-44-71 см-ден, Алтай ауданында-31-49 см-ден, Глубокое ауданында-31-ден 58 см-ге дейін байқалады. 28.12.2022 ж. жағдай бойынша топырақтың қату қалыңдығы 16 см - ден (Самара ауданы-Самар) 72 см-ге дейін (Тарбағатай ауданы - Ақжар). Ұлан, Катонқарағай, Зайсан және Тарбағатай аудандарында 50 см және одан да көп байқалады. 2023 жылғы қаңтарда облыс бойынша ауаның орташа температурасы-13,1-23,2 0С – ден күтіледі бұл нормаға жақын, жауын-шашын мөлшері нормаға жақын, облыстың оңтүстік-шығысында нормадан көп- (норма 11-31 мм).
ШҚО ТЖД Коммуналдық қызметтерге, ұйымдарға, тұрғын үй кооперативтері өкілдеріне, жеке сектор тұрғындарына су тасқынының алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдау қажеттігі туралы еске салады: үйлер мен ұйымдардың аумақтарын қардан тазарту, арық желілерін қоқыспен бітемеу, арықтар мен каналдарда қардың жиналуына жол бермеу.