Запасқа босатылған солдаттар ШҚО ТЖД грамоталарымен марапатталды

Запасқа босатылған солдаттар ШҚО ТЖД грамоталарымен марапатталды

№5518 әскери бөлімінде салтанатты жағдайда әскерге шақырудың мерзімді қызметінің сарбаздарын запасқа шығаруға арналған іс-шара өтті.

Ерекше көзге түскен сарбаздарға "Шығыс" РМҚК қолбасшысы генерал-майор Р. Н. Ақбалиннен, сондай-ақ бөлім командирі Б. ж. Құлбаевтан грамоталар табыс етілді.

Каменный карьер ауылындағы өртті жоюға қатысқан сарбаздар ШҚО ТЖД басшылығының грамоталарымен марапатталды.

ШҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Е. К. Шалқыбаев қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқарғаны үшін сарбаздарға алғыс айтты.

"Шығыс" АӨК ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полковник А. А. Оразбаев қошеметпен сөз сөйледі.