
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға, жауын-шашынның түсуіне және желдің күшеюіне байланысты 2022 жылғы 19-22 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі сақталуда. Қауіпсіздік мақсатында "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары бұл жолы «Өскемен-Самар» бағытында көшкіндерді жасанды түсіруді жүргізді.
«Жарылыс нәтижесінде 2150 текше метр қар түсірілді. Қар көшкінінің пайда болу процесіне жер бетіне қардың түсуі, қар кристалдарының пішіні мен мөлшері, пайда болу сипаты мен беткі қабаттың тығыздығы ауа температурасымен, желдің бағыты мен жылдамдығымен анықталатынын атап өткен жөн. Қар көшкіні қаупінің жалпы болжамы қар көшкінінің түсу орны мен уақытын көрсетуді қамтиды. Осы мақсаттар үшін қар көшкінін бақылау материалдары, көшкін қаупінің жанама белгілері қолданылады. Облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша 20 қар-көшкін маршруттары әзірленді, онда қар көшкіндерінде бақылаушылар қызмет көрсететін 160 қар өлшеуіш рельстер орнатылды», - деп атап өтті "Қазселденқорғау"ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
«Тұрғындарға алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ұсынамыз. Қар көшкіні қаупі бар ошақтардан өтіп бара жатқанда тоқтап қалмай, қауіпті аймақтан тез кету керек. Қар мен қолайсыз ауа-райында тауға шықпаңыз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса – барлық шұғыл қызметтерді ұялы телефоннан шақыру үшін бірыңғай нөмірі - "112»,- деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина Бексұлтанова.