Құтқарушылар биіктікте тұрып қалған туристерге көмекке келді

Құтқарушылар биіктікте тұрып қалған туристерге көмекке келді

Мұндай оқу-жаттығу аңызы Шығыс Қазақстанда пысықталды.
Туристерді қауіпсіздік негіздеріне оқыту үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары демалыс базаларының бірінде практикалық сабақтар өткізді. Аңыз бойынша, екі сноубордшы техникалық ақаулыққа байланысты тоқтаған шаңғы көтергіште биіктікте тұрып қалды. ТЖ қызметінің қызметкерлері жедел көмекке келді. Олар альпинистік жабдықтың көмегімен мұздап, тоңып қалған туристерге жетіп, оларды жерге түсірді. Оларды базаның жылы бөлмесінде қарап, тексеріп ыстық шай берді.
ШҚО ТЖД қызметкерлері демалушыларға қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін және ТЖ қызметтері келгенге дейін үсік шалмау және қар көшкініне түспеу үшін іс-қимылдарды үйретті 
Өңірде нысандар мен адамдардың өміріне қауіп төндіретін 325 көшкін қаупі бар ошақтар анықталды. Таулы, күрделі маршруттар туристер арасында ерекше сұранысқа ие. Азаматтардың қауіпсіздігін және автожолдарды қорғауды қамтамасыз ету үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары мен "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары "Алтай-Өскемен" және "Өскемен-Горная Үлбі-Северное" учаскелерінде көшкіндерді кәсіптік түсіруді жүргізді, облыста қысқы кезеңнің басында барлығы 16 рет қарды жасанды түсіру жүргізілді, жалпы көлемі 27290 текше метр қар массасы түскен.

"Автожолдардың бұл учаскелері бос болмайды. Олар арқылы күн сайын жүздеген автомобильдер өтеді. Профилактикалық түсу өтіп бара жатқан автокөліктер мен демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деп түсіндірді Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға, жауын-шашынның түсуіне және желдің күшеюіне байланысты 2022 жылғы 19-22 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі сақталуда.
"Тұрғындарға алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ұсынамыз. Қар көшкіні қаупі бар ошақтардан өтіп бара жатқанда-тоқтап қалмай, қауіпті аймақтан тез кету керек. Қар мен қолайсыз ауа-райында тауға шықпаңыз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса – барлық шұғыл қызметтерді ұялы телефоннан шақыру үшін бірыңғай нөмір - "112",- деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина Бексұлтанова.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қаупі бар уақыт - қалың қар жауғаннан кейін 3-5 күн ішінде, аяздан кейін еру, қатты жел екенін еске салады