ШҚО ТЖД құтқарушылары жолаушыларға көмекке келді

ШҚО ТЖД құтқарушылары жолаушыларға көмекке келді

21 желтоқсанда 23 сағат 35 минутта Ұлан ауданында Бозанбай және Ақжартас ауылдарының арасында "УАЗ Патриот"автокөлігімен 5 адам боранда қалып қойды. Жағдайды өз бетінше жеңе алмаған саяхатшылар құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына келген Ұлан ауданының 13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 5 адамды жақын маңдағы Бозанбай кентіне жеткізді, онда адамдар туыстарына орналастырылды.
    ШҚО ТЖД аймақтағы қатты жел мен боран туралы алдын ала ақпарат таратқан болатын.
Құтқарушылар халықтан тәуекелге бармауды және қолайсыз ауа-райында елді мекендерден тыс жерлерге бармауды сұрайды.
   Жабық трассалар мен ауа райы жағдайлары туралы "Дармен"мобильді қосымшасынан біліңіз.
       Төтенше жағдай кезінде "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет