Жолаушыларға көмекке келді

Жолаушыларға көмекке келді

    2022 жылғы 8 желтоқсанда 03 сағат 25 минутта "Привольное" трассалық медициналық-құтқару пунктіне "Өскемен-Семей" трассасының 108 шақырымында автокөлік бұзылып, адамдар эвакуациялауға мұқтаж екендігі туралы сигнал түсті. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы келді. "Равон" маркалы сынған көлікте 3 адам болған. Бригада оларды трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізді. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын тексерді, бұл адамдар өте қатты тоңған, алайда үсік белгілері жоқ.  Саяхатшылар жылытылды, оларға қажетті көмек көрсетілді, ыстық сусын берілді және түнеп шықты. Таңертең, 8 желтоқсанда сағат 07: 30-да азаматтар көлік құралына эвакуатор іздеп кетті.
   ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Қыс мезгілінде сіз қатты аязда және тәуліктің қараңғы уақытында елді мекендерден алысқа шықпаңыз. Көлігіңізді барлық қажеттіліктермен жабдықтаңыз: кабель, фонарь, ЖЖМ, жылы заттар, зарядтағыш.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет