Қар көшкіні туралы интерактивті сабақ өткізілді

Қар көшкіні туралы интерактивті сабақ өткізілді

Қар көшкіні кезеңінің басталуымен қар көшкініне бейім аймақтарда негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау ерекше өзекті бола бастайды, осыған байланысты  Департамент қар көшкінін алдын алумен бірге қар көшкіні кезеңіндегі тәртіп ережелерін тұрғындарға жеткізу бойынша шараларды да қолға алуда. Өскелең ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы Анатолий Куропаткин 53 мектеп оқушыларымен интерактивті сабақ өткізді. Бүгін осы интерактивті сабаққа 500-ден астам оқушы белсенді қатысып, онда Департамент маманы «қар көшкіні» дегеннің не екенін айтып қана қоймай, балалардың назарына көшкін кезінде қалай әрекет ету керектігін және қар көшкіні сізді басып қалған жағдайда не істеу керектігін айтты.