Өрт сөндірушілер дәмхана ғимаратындағы 70 ш.м. өртті сөндірді

Өрт сөндірушілер дәмхана ғимаратындағы 70 ш.м. өртті сөндірді

   Өскемен қаласында Чехов көшесінде 14 сағат 05 минутта екі қабатты дәмхана ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына 5 минут ішінде 6 бірлік техника мен 25 жеке құрам келіп жетті.  Барлау жұмыстары кезінде бірінші және екінші қабат арасындағы ағаш төбенің жанып жатқаны белгілі болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті  19 сағат 30 минутта 70 ш. м. алаңда толық сөндірілгені туралы жарияланды.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден объектілерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Бұзушылықтарды уақтылы жою және автоматты өрт дабылын, алғашқы өрт сөндіру құралдарын жұмысқа жарамды күйде ұстау, эвакуациялық шығуларға кедергі келтірмеу.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.