Екі өртте 3 батыр

Екі өртте 3 батыр

30 қарашада сағат 02: 21-де Өскеменде Бажов көшесінде жеке тұрғын үй өртке оранды. Төбенің ағаш конструкциялары, шатыр, жиһаз, тұрмыстық техника және жеке заттар жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өтіп бара жатқан куәгер түтінді байқап, көрші Николай Соломаевты оятып, екеуі жанып жатқан үйдің терезесін сындырып, үйде ұйықтап жаткан 1948 жылы туған үй иесін тауып алып терезе арқылы қалың түтін басқан  үйден шығуға көмектесті. Осылайша олар оның өмірін сақтап қалды. Бұған дейін ШҚО ТЖД Николай Соломаевқа Андрей Ильенков көмектескені туралы ақпарат жариялаған болатын, бірақ ол  Рүстем Сарипов болып шықты, ол батыл әрекет етіп, өмірін сақтап, өзі туралы еш дерек қалдырмай кетіп қалған еді.
    Құтқарушылар батырды табуға көмектесу үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы азаматтарға жүгінді. Олардың хабарына Андрей Ильенков жауап берді, ол, белгілі болғандай, мән-жайларды анықтаған кезде, сол түні батылдық танытып, өрт сөндірушілер келгенге дейін түтін басқан үйден үш азаматты алып шықты, олардың біреуі бала. Үй 30 Қарашада 06 сағат 54 минутта Дальневосточная көшесінде өртенген, ол Бажов көшесінде өрт болған үйдің жанында болды.
    Осылайша, бір түнде 2 өрт болды және Андрей Ильенков 3 адамды құтқарды, Николай Соломаев пен Рүстем Сарипов қарт әйелді құтқарды.
    Дальневосточная көшесіндегі өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Өрт сөндірушілер 78 ш. м. алаңда өртті сөндірді