ШҚО ТЖД өртте қарт әйелді құтқарған жігітті тауып алды

ШҚО ТЖД өртте қарт әйелді құтқарған жігітті тауып алды

Оның есімі  Андрей Ильенков болып шықты, ол өртті бірінші болып көріп, көрші тұратын Николай Соломаевты оятқан. Олар бірге жанып жатқан үйдің терезесін сындырып, түтін басқан бөлмеден 1948 жылы туған ұйықтап жатқан қарт үй иесін тауып, оның шығуына көмектескен. Осылайша оның өмірін сақтап қалды.
Андрей өте қарапайым жігіт, ол өзі туралы айтқан жалғыз нәрсе: ол 35 жаста және "Жөндеу - монтаждау компаниясы" ШҚ ЖШС-да жұмыс істейді. Ол өзін батыр деп санамайды, кез-келген ер адам осылай жасар еді дейді.