ШҚО-да құтқару жұмыстары жалғасуда

ШҚО-да құтқару жұмыстары жалғасуда

28 қарашада Зайсан ауданындағы Сартерек ауылындағы Жирентай учаскесінде  бензині таусылған және қар құрсауында қалған УАЗ көлігімен жүрген екі адам құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына жол талғамайтын "КУНГ" техникасымен келген №25 ӨСБ қызметкерлері екі азаматты жылы көлікке орналастырып, қауіпсіз аймаққа, жақын маңдағы кентке жеткізді.
ШҚО ТЖД еске салады: өңірде аяз сақталады. Құтқарушыларды дауылмен ескерту кезінде тәуекелге бармаңыз және елді мекендерден тыс жерлерге бармаңыз. Ауа-райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан біліңіз.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөмірі бойынша хабарлау