Көлік жүргізушіге көмек көрсетілді

Көлік жүргізушіге көмек көрсетілді

Өткен түнде Тарбағатай ауданының құтқарушылары көлік жүргізушісіне көмекке келді.
Ақжар ауылынан 30 шақырым жерде көлік құралы қар құрсауында қалған. Жүргізуші төтенше жағдайдан өз бетінше шыға алмаған соң  "112"қызметіне жүгінді. ШҚО ТЖД  құтқарушылары автокөлікті қалың қардан шығарып  және оны жолдың тазартылған учаскесіне сүйреуге көмек көрсетті. Жүргізуші өз жолын қайта жалғастырды.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді. "Дармен" қосымшасында ауа райы жағдайлары туралы алдын ала біліп алыңыз. Дауылды ескерту кезінде елді мекеннен шықпаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет