
2022 жылғы 26 қарашада қалың жауын-шашын мен қатты жел салдарынан «Өскемен-Алтай» автокөлік жолындағы 65 километрында алдын ала жабылған трассада қар көшкіні түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 бірлік техника жұмылдырылды. «Казселденқорғау» және ШҚО ТЖД мамандары аймақтың таулы аудандарына қар көшкіні қаупі туралы ескертеді. Халыққа тауларға барудан және саяхатқа шығудан бас тарту қажет.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайдар «112» телефоны бойынша хабарлау қажет.